Қазақстандық десантшылар Ресейдегі халықаралық армиялық ойындарға қатысады

17 Шілде 2019, 12:04
3198
Бөлісу:
Қазақстандық десантшылар Ресейдегі халықаралық армиялық ойындарға қатысады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің үздік жауынгерлері Ресейдің Псков облысында өтетін «Десанттық взвод» конкурсында ҚР Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын болады. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

img_3932_15079.jpg

«Алматы облысының «Іле» оқу полигонында АРМИ-2019 халықаралық әскери ойындарына қатысатын «Десанттық взвод» құрама командасы соңғы дайындықтарын жүргізуде. Бұл конкурсқа іріктеу жұмыстары бірнеше этаптардан тұрды. Әскери қызметшілер өздерінің мықтылығын батальондық, бригадалық және әскерлер деңгейінде дәлелдеп таңдалды. Конкурс ережесіне сай 42 әскери қызметші іріктеліп, 3 негізгі бөлімше мен 1 қосалқы бөлімше жасақталды», - деп атап өтті ведомстводағылар.

img_3893_14856.jpg

Конкурстың негізгі бөлімі 3-17 тамыз аралығында Псков облысының «Струги красные» полигонында өтетін болады. Қазақстандық команда 26 шілде күні аттанады деп жоспарлануда. Себебі әскери қызметшілер сол елді мекеннің климатына бейімделіп, қаруын келтіріп, қоршаған ортамен танысуы тиісті.

853A9368.JPG

Аталмыш конкурстың басты мақсаты - халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, әскери қызметтің мәртебесін көтеріп, жеке құрамның машықтылығы мен кәсібилігін бақылау.

853A9275.JPG

Конкурс 4 кезеңнен тұрады:

1.1. Десантталу, қону алаңына жиналу, марш жасау;

1.2. БМД (БТР) жеке жарысы;

1.3. Бөлімше құрамындағы биатлон (жүргізу барысында атыс жүргізу), атыс қаруы мен гранатаметтен атыс жүргізу;

2.1. БМД (БТР) спринті;

2.2. Десанттық-шабуылдау жолағын өту;

3.1. БМД (БТР) қуып жүру жарысы;

3.2. Бөлімше құрамында бағдарлау;

4.1. БМД (БТР) эстафетасы;

4.2. Атыс қарумен оқ жүргізумен марш жасау;

4.3. Дәлдікпен жеке секіру.

853A9262.JPG

«Есептеу барысында әскери техникамен өнер көрсететін жеке құрамның көрсеткіштерінің маңыздылығы жоғары болады. Жалпы есептік орындардан басқа, конкурс ережесіне сәйкес қосымша номинациялар бойынша марапаттау рәсімі өтеді. Олар «Рухымен мықты», «Бірге біз мықтымыз», «бәйге шебері», «Дәлдікке қону» және «Өз ісінің шебері» номинациялары», - делінген ведомствоның хабарламасында.

img_3879_14776.jpg

Аталмыш конкурсқа 20 елден келген командалар қатысады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы дәл осы конкурс Қытай Халық Республикасында өтіп, қазақстандық десантшылар 8 елдің арасында Ресей мен ҚХР алға жіберіп үшінші орынға табан тіреді.

img_3893_14859.jpg

Өзгелердің жаңалығы