Қазақстан-Ресей жастарының форумына 1000-нан астам делегат жиналды

20 Мамыр 2019, 14:32
1896
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей жастарының форумына 1000-нан астам делегат жиналды
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы басталды. Екі күнге жоспарланған іс-шараның басты мақсаты – әр саладағы жас еріктілердің рөлін, белсенділігін арттыру. 

Форум қарсаңында, 14-16 мамыр күндері Қостанай облысы мен Қорған өңірінің еріктілері Тобыл өзенінің жағасын тазалады. «ECO-challenge Qostanai» акциясына Қамысты, Жітіқара, Таран, Денисов, Қостанай аудандары мен Рудный, Лисаков қалаларының жастары атсалысқан болатын. Аталмыш акция бүгін де жалғасын таппақ. 

Қазақстан-Ресей жастарының форумына 1000-нан астам делегат жиналды

Қостанайда халықаралық деңгейде тұңғыш өтіп отырған шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, РФ Жастар ісі жөніндегі агенттігі басшысының орынбасары Андрей Платонов, «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк және тағы басқа да қонақтар қатысуда. Қазақстанның әр аймағынан және Ресей Федерациясынан барлығы 1000-нан астам делегат жиналған. 

Қазақстан-Ресей жастарының форумына 1000-нан астам делегат жиналды

«Өздеріңізге белгілі, биыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Осы атаулы датаға арналып өтіп жатқан форум Қазақстан мен Ресей достығының тағы бір көрінісі. Қазіргі таңда жастардың жан-жақты дамуына барынша жағдай жасалған. Өңірдегі ЖОО-лар мен арнайы орта оқу ордаларында 40 мыңнан астам студент білім алуда. Биыл облыс әкімдігі гуманитарлық, техникалық мамандықтарға 200-ден артық грант бөлді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғалы 400-ден астам жас мемлекет қолдауына ие болды», - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов форумның ашылуында.

Қазақстан-Ресей жастарының форумына 1000-нан астам делегат жиналды

Екі күнге жалғасатын форумда екі елдің баяндамашылары еріктілер қозғалысы тарихындағы үздік нәтижелер, жетістіктер туралы ой бөлісіп, тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, көңілді тапқырлар сайысы, жастарға арналған концерттік бағдарлама жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы