Қазақстан мен Түркия арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
11 Мамыр, 13:45 771

Қазақстан мен Түркия арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің орталығында болды. Бұдан өзге сапар аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесті.


Фото: дереккөз
Загрузка...