Бас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мектептен өткен адам, президент болуға әбден лайықты – Дулат Исабеков
10 Сәуiр 2019, 14:30 619

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мектептен өткен адам, президент болуға әбден лайықты – Дулат Исабеков

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мектептен өткен адам. Дипломат та болды, Біріккен Ұлттар Ұйымында да істеді, сондықтан ол кісінің бүгінгі таңдағы ел басқаруға деген әлеуеті мен мүмкіндігі зор. Бұл туралы жазушы, драматург Дулат Исабеков Жазушылар одағында болған жиында айтты.

«Уақытша президенттің міндетін атқарушы дегеннің өзі де ол адамға ерік бере қоймайды. Ол өзінің уақытша екенін сезініп, жалтақтайды. Сондықтан ел президентін сайлауды біржолата шешіп алатынымыз дұрыс болды. Сайлауға түсетін үміткерлердің бәрі сауатты адам болады деп ойлаймын. Америкада «көшеде ұйықтап жатқан кез келген қайыршы адам, ертең президент болып кетуі мүмкін» деген сөз бар, яғни халық қолдаса болды дейді. Ал бізде құдайға шүкір халық қолдайтын адамдар бар. Менің ішім ылғи осы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иманғали Тасмағамбетовке бұрушы еді. Дегенмен, сайлауға қандай үміткерлер түсетінін қазір ешкім білмейді. Қазір мына партиялық жүйемен түсу деген адамды шектеп қояды, жеке адам да өзін ұсынуға құқығы болу керек деп ойлаймын. Осы жолы таза сайлау өтетін шығар деген үміттемін. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мектептен өткен адам. Дипломат та болды, Біріккен Ұлттар Ұйымында да істеді, сондықтан ол кісінің бүгінгі таңдағы әлеуеті мен мүмкіндігі зор», - дейді белгілі жазушы Дулат Исабеков. 

Еске салсақ, кеше Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, елімізде президент сайлауы осы жылдың 9 маусымында өтетінін мәлімдеген болатын.



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық