Қашықтан оқыту курстарынан елордалық 12 мыңнан астам педагог өтті

13 Тамыз 2020, 07:28
2051
Бөлісу:
Қашықтан оқыту курстарынан елордалық 12 мыңнан астам педагог өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог (мектеп, колледж, балабақша тәрбиешілері) қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша онлайн-курстардан өтті.

Елорда әкімдігінің ресми сайтына сүйенсек, балалар, ата-аналар және балабақша қызметкерлері үшін жұмыс алгоритмдері жасалып, барлық нысандар санитарлық талаптарға сай дайындалған.

Бұдан бөлек, "Елордалық электронды мектеп" электронды платформасы әзірленді, онда қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, бейне-сабақтар мен сабақтар, білім берудің цифрлық ресурстары және т.б. орналастырылған.

Нұр-Сұлтандағы білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін "кезекші сыныптардың" жұмыс істеуі жоспарлануда. Бұл ретте барлық санитарлық нормалар қатаң сақталады. Педагогтардың 30%-ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз ету үшін шамамен 6 миллиард теңге бөлінді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын (шамамен 34,5 мың бала) қамтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы