Қарағандыда коронавирус жұқтырғандар саны 48-ге жетті

6 Сәуір 2020, 15:18
1317
Бөлісу:
Қарағандыда коронавирус жұқтырғандар саны 48-ге жетті

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарағанды облысында вирус жұқтырғандардың саны бірден 16 адамға өсті. Вирус жұқтырғандардың барлығы коронавирус індетінен қайтыс болған науқаспен қарым-қатынаста болғандар. 

Қарағанды облысында 6 сәуірдегі 14.40-тағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 48 адамға жетті. Үш науқас реанимацияда ауыр халде жатыр, олардың біреуі өздігінен тыныс алады. Дәрігерлер тағы үш сырқаттың жағдайын орташа ауыр деңгейде деп бағалайды. 

Қарағанды облысында бүгінгі күні тағы 16 адамнан COVID-19 анықталды. Вирус жұқтырғандардың барлығы – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері және онымен байланыста болғандар. Олардың барлығы індетке қарсы қауіпсіздіктің қажетті шараларын сақтай отырып оқшауланған және ем қабылдауда, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Абдиева.

Барлық жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау үшін мұқият эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Вирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғандар оқшауланған. 

Денсаулық басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта Қарағанды облысында үй карантинінде 1 346 оқшауландрылған және 862 адам тәулік бойғы бақылауға алынған.

Еске салайық, 1 сәуір күні Қарағандыда коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды. 

Өзгелердің жаңалығы