Профессор: Вакцина – инфекциялық ауруларды емдейтін дәрі емес

12 Ақпан 2021, 16:40
1748
Бөлісу:
Профессор: Вакцина – инфекциялық ауруларды емдейтін дәрі емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «COVID-19 қарсы вакцинация: мифтер мен фактілер» тақырынба өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Вакцина – бұл дәрі емес. Ол инфекциялық аурулардан емдемейді. Бірақ тарих көрсеткентей, ол әлемді бірқатар қауіпті вакцинадан құтқарды. Бүгінде коронавирус індетіне қарсы вакцинаға қатысты мифтер көп. Мен барлығын әлемдік және отандық сарапшылардың пікірін тыңдауға шақырамын. Вакцина өзге вакциналар сияқты иммундық-биологиялық препарат. Ол жанама әсерлерді тудыруы да мүмкін. Қазір әлемде әзірленіп жатқан вакциналардың құрамы әртүрлі, - деді Ералиева. 

Ол атағандай, вакцина ағзаға егілгенде, иммунологиялық әсер тудырады. 

Оны жанама әсер деп атауға болмайды. Поствакциналық қалыпты және қалыпсыз әсерлер қалыптасуы мүмкін. Көп жағдайда вакцинадан кейін адам ештеңе сезбейді. Әрі қарай жұмыс істеп жүре береді. Алайда кейде қызу көтеріліп, қызарып кету, ісіктер пайда болуы мүмкін. Бұл да қалыпты жағдай. Вакцинадан кейін организмде антиденелер пайда болады. Оның деңгейі соғұрлым көп болса, соғұрлым нәтижелі болады. Ол үшін адамға толық иммунизацияның курсын жасау керек. Вакцинаға келгенде ақылға салу керек. Одан қорықпауы керек, - деді Ләззат Ералиева.

Өзгелердің жаңалығы