Пробация қызметі есепте тұрған азаматқа көмек көрсетті

26 Сәуір 2020, 17:45
2512
Бөлісу:
Пробация қызметі есепте тұрған азаматқа көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында пробация қызметі есепте тұрған азаматтарға қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарланды Polisia.kz сайтында. 

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, Арал аудандық пробация қызметі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, пробация қызметі есебінде тұрғандарға қажетіне қарай көмек көрсетіп келеді. Соның бірден-бір дәлелі – есептегі Б. есімді тұрғынға көрсетілген құқықтық көмек. 

Ер адамға қайтарымсыз несие алуға пробация қызметі тарапынан жеке бағдарлама толтырылып, былтыр қарашаның 7-29 күндері аралығында “Бастау Бизнес” жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтаған болатын. Осы негізде,  Б-ның шотына 530000 теңге түсті. Бірақ, бұл шот жеке сот орындаушымен бұғатталып қалғандықтан, Арал аудандық пробация қызметі жеке сот орындаушы қызметіне хабарласып, шотын ашу үшін құқықтық көмек көрсетті. Қазір Б есімді ер адамға мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранд негізінде 530 мың теңге көлемінде сертификат табысталды, - делінген хабарламада.

Осы қаржыға азамат шағын кәсіп ашпақшы, нақтырақ айтқанда, мал бағумен айналысуға ниет етті. Ол үшін жақын елді мекендерден шабындықтар сұрастырылып жатыр. Бұл мәселенің шешілуін қадағалауды қызметкерлер басты назарға алды.

Пробация тарапынан осындай қолдауға ие болған ер адам қоғамға бейімделіп, еңбек арқылы адамгершілік қасиеттерінің шыңдала түсері анық. Материалдық жағдайы жақсарып, өмірге деген құлшынысы артады деп сенеміз, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы