Бас жаңалықтар
Президент Төрегелді Шармановты қабылдады
07 Тамыз 2019, 18:25 211

Президент Төрегелді Шармановты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласын дамыту және ұлттық тағам түрлерін насихаттау, қоғам мен билік арасындағы диалог, сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, академик Төрегелді Шарманов қоғамды ұйыту, елдің бірлігін арттыру және жастар тәрбиесіне қатысты өз ойларымен бөлісті. 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық