Бас жаңалықтар
Президент сайлауы: ОСК кандидат ұсына алатын жеті партияның біреуін таппай отыр
12 Сәуiр 2019, 12:18 663

Президент сайлауы: ОСК кандидат ұсына алатын жеті партияның біреуін таппай отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы 7 партия мен 5 республикалық қоғамдық бірлестік президеттікке кандидатура ұсынуы мүмкін екенін хабарлады.

«Шамамен смета мөлшерін есептегенде біз бәрін артығымен есептеп шықтық. Президенттікке кандидаттардың шығынын есептедік. ОСК қанша кандидат болатынын білмейді. Кандидаттарын ұсынуға құқылы тіркелген 7 партия мен 5 республикалық қоғамдық бірлестік бар. Әзірге нақты анықталмады. Саяси партиялардың қызметін зерттеп жатырмыз. Қоғамдық бірлестіктер қатысатындарын мәлімдей бастады. Ең соңында сан қандай болатынын айта алмаймын. ОСК есептеуінше, тіркелген 7 саяси партия және 5 республикалық қоғамдық бірлестік бар. Қалай болатынын өзіміз де білмейміз», - деп сөзін түйіндеді кулуардаОСК мүшесі Сабила Мұстафина.

ОСК хатшысы Зәуреш Баймолдина болса бір партияның бар-жоғы белгісіз екенін жеткізді. 

«Қазіргі таңда Әділет министрлігінің мәліметінше, елімізде 7 саяси партия тіркелген. Бірақ осында 1,5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын және 7-ші партия белгісіз болып отыр. Оларға хат жіберіп жатырмыз, бірақ оған ешқандай жауап жоқ. Қандай шарамызға шақырсақ та сол саяси партияның өкілдері қатысқан емес», - деп айтты Баймолдина.

Қазақстанда 6 белсенді партия бар. Олар «Нұр-Отан», «Ақ жол», «Қазақстан коммунистік халық партиясы», «Ауыл», «Бірлік», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы». Әділет министрлігінің мәліметінше, ел аумағында тіркелген, бірақ қызмет жасамайтын Қазақстанның демократиялық партиясы – «Азат».



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық