Президент сайлауы – 2019. Сайлауға 9,4 млрд теңге бөлінеді

16 Сәуір 2019, 11:00
9176
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Сайлауға 9,4 млрд теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына байланысты 9,4 миллиард теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. 

"Кезектен тыс сайлауға қатысты 10 мыңға жуық сайлау учаскелері құрылады. Соның шеңберінде 70 мыңға дейін адам сайлау учаскесіндегі комиссия мүшесі болуға тартылады", - деді Қаржы министрі Әлихан Смайылов. 

Министрдің айтуынша, сайлау комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін 9,4 миллиард теңге бөлінеді.

"Бүгін шешім қабылданды. Жақын арада бөлінеді", - деді ол.  

"Не себепті бөлінетін қаражат қысқартылады?" деген сұраққа министр әр өңір бойынша қанша сайлау учаскесі болатынын есептегендерін айтты. 

"Біз әр өңірде неше сайлау учаскесі болатынын, ол жерде қанша адам жұмыс істейтінін анықтадық. Онда сайлаудың басынан аяғына дейін жұмыс істемейтін адамдар бар. Соның бәрін есептеп, осындай қорытындыға келдік", - деді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мұғалімдердің 9 маусымда өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты жұмыстарға мұғалімдерді күштеп тартып жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, құзыретті органдар еліміздің сайлау заңнамасына сәйкес жұмысын жасайды.

Өзгелердің жаңалығы