Бас жаңалықтар
 Президент сайлауы – 2019: Ахметбеков талапқа сай
29 Сәуiр 2019, 17:07 450

Президент сайлауы – 2019: Ахметбеков талапқа сай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгін Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбековтің ҚР Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау туралы қаулы қабылдады. 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ҚР Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес, Жамбыл Ахметбековтің тиісті құжаттарын 2019 жылдың 26 сәуірінде «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі өткізгенін айтты.

Орталық сайлау комиссиясы кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтің Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге жәрдемдесуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салды және тиісті мәліметтер алды.

2019 жылдың 26 сәуірінде ҚР Орталық сайлау комиссиясында кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау жөнінде лингвистикалық комиссияның отырысы өтті және комиссия үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергені жөнінде шешім қабылдады. Сонымен бірге, Орталық сайлау комиссиясы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің мәліметтері негізінде Жамбыл Ахметбековтің Қазақстанда туғанын, ҚР азаматы екенін, соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрғанын анықтады. Оның жоғары білімі бар, сотталмаған, сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылмаған, белсенді сайлау құқығына ие және мемлекеттік қызметте және сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар. 

ҚР ОСК қабылдаған қаулының 1-тармағында үміткер Жамбыл Ахметбековтің ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңында қойылған талаптарға сай келетіні айтылған. Екінші тармақта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын Жамбыл Ахметбековке беру тапсырылған.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық