Президент экология саласындағы проблемаларды көтерді

10 Шілде 2020, 13:29
3489
Бөлісу:
Президент экология саласындағы проблемаларды көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында экология саласындағы проблемаларды көтерді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Біз қоғамдық тұрғыдан неғұрлым өзекті болып отырған экология мәселелерімен айналысуымыз керек. Жыл сайын 5 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады. Олардың ел бойынша қайта өңдеу үлесі тек 15%-ды құрайды. Бұл - жеткіліксіз, - деді президент. 

Ол атап өткендей, Үкімет "waste to energy" технологиясын енгізу үшін заңнамалық базаны және қолайлы инвестициялық жағдайларды жедел қамтамасыз етуі қажет.

Жергілікті елді мекендер аясында табиғи қоқыс үйінділеріне қатысты проблемалар шешілмей жатыр. Бір жолғы рейдтер өткізу, айыппұл салу, экологиялық айлықтар аз әсер етеді. Экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет, - деді ол.

Президент мектептерде балаларға экологиялық білім беру пәнін енгізу қажет екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы