Премьер-министрдің тікелей эфирі кезінде жер сілкінісі болды

25 Мамыр 2020, 15:43
1805
Бөлісу:
Премьер-министрдің тікелей эфирі кезінде жер сілкінісі болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерннің тікелей эфирдегі сұхбаты барысында жер сілкінісі болды. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Студия дірілдей бастаса да, Джасинда Ардерн еш саспастан эфирін жалғастыра берді. Себебі оның жаңазеландиялықтар сияқты мұндай жер дүмпулеріне еті үйреніп кеткен.
Бұл кішігірім ғана жер сілкінісі. Дегенмен, қуаты сәл де болса күштірек екен, егер сіз менің артымда бірдеңенің келе жатқанын байқасаңыз, онда Улейдің (Жаңа Зеландиядағы парламент ғимаратының атауы - ред.) әжептәуір қозғалғаны, - деді Ардерн баяндамасы барысында.
Жаңазеландиялықтардың көбі жалпы жер сілкінісіне үйренген. Бұл жолы 5,9 баллдық күші бар жер сілкінісі Левин қаласынан 30 шақырым жерде 37 км тереңдікте орын алды.


Өзгелердің жаңалығы