Португалия парламенті Қазақстанмен ынтымақтастықты белсенді дамытуға дайын

27 Наурыз 2021, 17:10
1816
Бөлісу:
Португалия парламенті Қазақстанмен ынтымақтастықты белсенді дамытуға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Дәулет Батырашев Португалия Ассамблеясының халықаралық істер комитетінің төрағасы Сержио Соза Пинтумен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Сұхбаттасушылар екіжақты қатынастарының, соның ішінде өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестіктің дамыту әлеуетін талқылады. 

Батырашев Қазақстан парламентаралық дипломатияның маңыздылығына және заң шығарушы органдар арасындағы байланысты нығайтуға назар аудара отырып, Батыс Еуропадағы негізгі серіктестердің бірі ретінде Португалиямен өзара тиімді қатынастарды жан-жақты ілгерілетуге үлкен мән беретіндігін баса айтты.

Осы орайда сұхбаттасушылар парламенттік бағыттағы әрекеттестікті кеңейтуге өзара мүдделілігін білдіріп, алдағы уақытта Республика ассамблеясының құрамында Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық тобын құруды егжей-тегжейлі талқылады. Депутат, ынтымақтастықтың барлық жағы бойынша қатынастардың дамуы үшін осы маңызды қадамның әлеуетін жоғары бағалап, барлық қажетті рәсімді тездетуге күш салуға өзінің дайындығын білдірді, - делінген хабарламада.

Әңгіме барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай назар аударылды. Бұл тұрғыда энергетика, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және туризм сияқты екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланды. Сонымен қатар екі ел арасында қандай-да бір саяси проблемалардың болмауын ескере отырып, Қазақстан мен Португалия арасындағы тауар айналымын арттырудың алғышарттары бар екендігі айтылды.

Елші Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, елдің дамытуға бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды реформаларының жүзеге асыруы, сондай-ақ тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу мен осы кезеңдегі елдің негізгі жетістіктері туралы С.Соза Пинтуны хабардар етті. 

Сонымен қатар сұхбаттасушылар Португалияның ЕО Кеңесіне қазіргі кездегі төрағалығын және коронавирус пандемиясына қарсы күрестің өзекті мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы