Бас жаңалықтар
Помпео Мәскеуге келмейтін болды
13 Мамыр 2019, 13:32 426

Помпео Мәскеуге келмейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Мәскеуге келмейтін болды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Ресейге жұмыс сапары аясында Майк Помпео Сочиде 14 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин және СІМ Сергей Лавровпен кездеседі. 

Бұған дейін ол Мәскеуге де барады деп жоспарланған. Басылымның хабарлауынша, Помпео Брюссельде Иранға байланысты және басқа да мәселелерге қатысты кездесу өткізу керек болғандықтан шешімін өзгерткен.

Аноним дереккөздің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Путин және Лавровпен «Мәскеудің әлемге байланысты қабылдаған агрессивті және тұрақсыз әрекеттерін» талқылайды.

Помпео Ресейге мемлекеттік хатшы ретінде алғаш рет келмек. Бұл лауазымда ол 2018 жылдың сәуір айынан бері отыр.

12 мамырда Помпео екі ел ынтымақтастық жасай алатын мәселелерді талқылайды деп жоспарланғаны хабарланған болатын. Ол АҚШ пен Ресейдің Сирия, Ауғанстан және Венесуэла бағыттары бойынша бірлесе жұмыс істей алатынын атап өткен.


Фото: дереккөз
Загрузка...