Полиция Атырауда табылған нәрестеге қатысты істі тергей бастады

16 Қаңтар 2020, 16:09
1670
Бөлісу:
Полиция Атырауда табылған нәрестеге қатысты істі тергей бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Атырау қаласында кәріз коллекторының маңынан табылған нәрестеге қатысты тергеуді бастады.

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

15 қаңтар күні Авангард-3 шағынауданында шүберекке оралған нәресте табылған. Жергілікті тұрған баланы байқап қалып, үйіне алып келіп, полицияға хабар берген.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сәби облыстық ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта нәресте ауруханада ем алып жатыр.

Бұл факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы