Атырауда кәріз коллекторы маңына жаңа туған нәрестені тастап кеткен

16 Қаңтар 2020, 09:20
2014
Бөлісу:
Атырауда кәріз коллекторы маңына жаңа туған нәрестені тастап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында кәріз коллекторының маңынан нәресте табылды, деп хабарлады Baigenews.kz.

15 қаңтар күні түске дейін Авангард шағын ауданының тұрғыны кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен кішкентай нәрестенің жылаған даусын естіген. 

Коллекторға жақындағанда тұрғын кішкентай бүлдіршінді көрген. Баланы үйіне алып келген әйел бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. 

Иә, мұндай жағдайдың болғаны рас. Табылған нәресте қыз бала. Қазір оның жағдай ауыр, бірақ тұрақты. Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

 



Өзгелердің жаңалығы