Полиция «Дикий Арманның» неге ұсталғанын айтты

19 Шілде 2021, 15:18
107610
Бөлісу:
Полиция «Дикий Арманның» неге ұсталғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Желіде «Дикий Арман» мен тағы бір топ адамның ұсталуына қатысты видео тараған еді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ойын-сауық мекемелерінде рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатқанын айтты.

Ойын-сауық мекемелерінің бірінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері 6 адамнан тұратын топты ұстады. Барлық тұлғамен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция департаменті тұрақты негізде қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізеді, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Дикий Арман» лақап атын иеленген Арман Жұмагелдиев Шымкенттің тумасы, алайда Түркияда тұрады. Ол әлеуметтік желіде өте белсенді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Дикий Арманның» ұсталған видеосы тарап жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы