ҰПК 4 жылдық жұмысын қорытындылады

28 Қараша 2019, 10:13
3121
Бөлісу:
ҰПК 4 жылдық жұмысын қорытындылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Паралимпиадалық жаттығу орталығында ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитетінің соңғы 4 жылдағы жұмысы  қорытындыланып, спорттық федерациялармен өзара әрекеттесудің мәселелерін талқыланады. 

Сонымен қатар, Токио-2020 Жазғы Паралимпиадалық ойындарына дайындық жоспары айтылады. 

ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев осы уақытқа дейін ҰПК атқарған жұмыстары мен паралимпиадалық қозғалыстың алға жылжығанын атап өтті.
Бүгін біз алғаш рет 2015 жылдан бері алғаш рет конференция өткізіп жатырмыз. Осы уақытқа дейін жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Біз тұрақты түрде Халықаралық Паралимпиадалық комитетпен жұмыс істейміз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да сеніміне кірдік. Осы уақытқа дейін 2 жеке инвесторлардың көмегімен ҰПК жаттығу орталығы мен мұз айдыны салынды. Мемлекет тарапынан да жақсы қолдау бар. Заңнамалық деңгейде де өзгерістер бар. Депутаттармен, үкімет мүшелерімен паралимпиадалықтар үшін заңнаманы өзгертіп, әзірледік. Жақын уақытта қабылданады деген ойдамыз, - деді ҰПК президенті Қайрат Боранбаев.
00230e14-1065-4f3b-8122-f9325e32db41.jpg

Конференция барысында төрт мәселе қаралады, оның ішінде ҰПК қызметі туралы толық есеп пен ҰПК атқарушы комитетінің  мүшелерін таңдау бар. Бұдан әрі ҰПК атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов Ұлттық Паралимпиада комитетінің нақты жетістіктері, атқарған жұмыстары туралы баяндайды.
Өзгелердің жаңалығы