Pfizer вакцинасы балалар мен жүкті әйелдерге ғана қолжетімді болады – Цой

10 Тамыз 2021, 12:02
2974
Бөлісу:
Pfizer вакцинасы балалар мен жүкті әйелдерге ғана қолжетімді болады – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан ревакцинация қашан болатынын айтты. Coronavirus2020 telegram каналында министрмен болған видеосұхбат жарияланды.

Алғашқы кезеңде, яғни қазан айында Pfizer вакцинасы балалар мен жүкті әйелдерге ғана қолжетімді болады. Сондықтан бұл вакцинаға үміт артпау керек. Бар вакцинаны барып алу керек. Осы аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Қытай вакцинасы жеткізіледі. Оны да алуға болады. Ол- инактивтелген вакцина, - деді Алексей Цой.

Осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда ревакцинация 

қашан болатынын айтқан еді.

 

Өзгелердің жаңалығы