Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің жоғары оқу орындары аймақтарды көгалдандыру бойынша акцияға белсенді қатысуда.
Экологиялық шараны қолдағандардың қатарында Инновациялық Еуразия университетінің өкілдері бар. Оқу орнының қызметкерлері университет аумағын шағын орманға айналдырмақ. Бұл жер енді ағаштар мен көшеттердің жаңа сұрыптарымен толықпақ.
Осы жолы университет аумағында қайың, шетен мен жөке ағаштарының 50 түбі отырғызылды. Өскіндер жергілікті экологиялық мектептен алынған. Ерекшелігі сол, ағашты салған әр адам өсімдікке атау беру мүмкіндігіне ие болды. Болашақ аллеяға InEU Garden деген атау берілді.
Шағын саябағымыз жыл сайын ұлғайып келеді. Студенттерімізге экологиялық тәрбие беруге тырысамыз. Қоршаған ортаны аялап, қамқор болуға шақырамыз. Сондықтан елімізде өтіп жатқан жалпыұлттық акцияға үн қостық, - дейді университеттің инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Александр Свидерский.
Бүгінде оқу орнының аумағында жүзден астам ағаштың 20-ға жуық түрі жайқалып тұр.
Экологиялық шараларды Павлодар педагогикалық университеті де ұйымдастырды. Білім беру ошағының мамандары облыс орталығындағы Алғашқы ұстаз ескерткішінің маңына 30 ағаш отырғызды.
Айта кетейік, «Бірге - таза Қазақстан» акциясы биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Айта кетейік, Алғашқы ұстаз ескерткіші педагогикалық университеттің мұрындық болуымен бой көтерді. Бүгінгі күнге дейін оқу орны ашылғалы 60 жыл ішінде 40 мыңнан астам маман түлеп ұшқан. Олардың басым бөлігі Павлодар облысының мектептерінде білім алуда.