Павлодарлық студенттер Ғашықтар күніне орай қалалықтарға сыйлық жасады

15 Сәуір 2021, 15:06
3321
Бөлісу:
Павлодарлық студенттер Ғашықтар күніне орай қалалықтарға сыйлық жасады
PHOTO

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі инновациялық Еуразия университетінің студенттері Қозы Көрпеш - Баян сұлу күнін ерекше атап өтті.

Бір топ белсенді Ғашықтар күніне орай қалалықтарға «жүрекшелерді» сыйға тартты. Бас-аяғы 500 дананы таратты. Таратып қана қоймай, павлодарлықтарға игі тілектерін жаудырды.

Павлодарлық студенттер Ғашықтар күніне орай қалалықтарға сыйлық жасады

Акция бір мезетте облыс орталығының бірнеше бөлігінде ұйымдастырылды.

Қазақстандағы Ғашықтар күні соңғы 10 жыл бойы тойланып келеді. Қозы Көрпеш - Баян сұлу күні деп аталып кетті. Бүгінде жастар бұл мейрамды қуана атап өтуде. Біз де қалыс қалмай, қалалықтарды қуантқымыз келді. Жүрекшелерді тарату кезінде Қозы мен Баянның кіршіксіз махаббаты туралы бір ауыз сөз де айттық. Олардың махаббаты миллиондаған адам үшін үлгі деп білеміз, - дейді университет басқармасының жетекшісі Шынболат Ташеков.

Шынболат Ташековтың айтуынша, акцияның идеологиялық сипаты бар.

Павлодарлық студенттер Ғашықтар күніне орай қалалықтарға сыйлық жасады

Біздің ұрпақ халқымыздың тарихын жақсы білуі тиіс. Сонда ғана еліміз мықты, болашағымыз жарқын болмақ. Қуантарлығы, біз құттықтаған азаматтардың көбі Қозы Көрпеш - Баян сұлудың тарихы туралы білетін болып шықты. Студенттер лиро-эпостық жырды оқып, мазмұнын әлі күнге дейін ұмытпағанын айтты, - дейді ол.
Айта кетейік, жоғары оқу орнының студенттері ұлттық мерекелерді атап өтіп, мән-маңызын арттыруды көздейді.


Өзгелердің жаңалығы