Павлодарда мыңға жуық қайтарымсыз грант бөлінеді

14 Наурыз 2019, 19:15
2746
Бөлісу:
Павлодарда мыңға жуық қайтарымсыз грант бөлінеді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде бизнес-идеяларды қолдау мақсатында 978 қайтарымсыз несие бөлінді.

Сала мамандарының айтуынша, қайтарымсыз грантқа бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған азамат ие болады

Қайтарымсыз 623 гранттың әрқайсысы 100 АЕК-ті құрайды. Ал 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер үшін 355 грант бөлінді. Әрқайсысы 200 АЕК-ті құрайды.

Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Айдос Сәкеновтың хабарлауынша, мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 6500 АЕК немесе 16,4 млн. теңгенің шағын несиелері қарастырылған. Жылдық сыйақы ставкасы 6%-ды құрайды.

«Шағын несиелер жаңа істі ашуғанемесе жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдауға бағытталады. Қаржыны бөлуде салалар бойынша шектеу жоқ. Бұл тұрғыда инвестициялық мақсаттағы несиелердің мерзімі 5, ал айналымжы қаражатты толықтыру 3 жылдық мерзімге шақталған», - дейді Айдос Сәкенов.

Айта кетейік, былтырғы жылы шағын несиелендіруге 426 млн. теңге бөлінген. 45 жоба қаржыландырылып, азаматтар жеке бизнестерін дөңгелетті. Ал осы жылы несиеге 543,7 млн. теңге қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы