Павлодар облысының тұрғыны кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқан

5 Сәуір 2021, 12:09
1772
Бөлісу:
Павлодар облысының тұрғыны кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы 2021 жылдың I-тоқсанындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижелері бойынша өткен брифингте мәлім болды.

Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығын басқарушыға қатысты тергеу жүргізілуде, ол 8 ай бойы 32 жастағы Өзбекстан азаматшасын бас бостандығынан айырып, қосалқы шаруашылықта еңбекке мәжбүрлеген. Әйел күніне 12 сағат жұмыс істеп, жұмысшыларға тамақ дайындап, мал баққан, - деді брифингте Шұғыла Тұрлыбек. 

Сондай-ақ ол алдау және бопсалау жолымен ересек және кәмелетке толмағандарды қыздарды жезөкшелікке тартқан Павлодар облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Ол интернет-ресурстарда интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар жариялаған. Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының басшысы Семей қаласының 65 жастағы тұрғынын еңбекке мәжбүрлеген. Әйеге шаруашылық бойынша жұмыс ұсынып, келген кезде мал бақытырп қойған. Жәбірленуші фермадан қашуға тырысқан, бірақ ол елді мекеннен 40 шақырым жерде орналасқандықтан, оны қайта алып келіп, қол жұмсаған. Қылмыстық іс Кодекстің 128-бабы бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге көмек көрсетілуде, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы