Бас жаңалықтар
Павлодар облысында заңсыз есірткі айналымының ірі партиясы әшкереленді
02 Сәуiр 2019, 13:32 329

Павлодар облысында заңсыз есірткі айналымының ірі партиясы әшкереленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі заттарын тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысы бар ҚР азаматтарының заңға қайшы әрекетін анықтап, топтың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

2018 жылғы 20 шілдеде ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті А. Құттыбаев пен П. Бадкеновті ұстап, олардың «қойма» ретінде қолданып жүрген пәтерлерінің бірінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында 139 кг марихуана және 5 кг гашиш тауып, тәркіледі.

«2019 жылғы 19 наурызда Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен қылмыстық іс фигуранттары ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. А. Құттыбаев пен  П. Бадкенов қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық