Павлодар облысында шегірткемен күресуге 7,2 млн теңге бөлінді

12 Маусым 2021, 18:34
2771
Бөлісу:
Павлодар облысында шегірткемен күресуге 7,2 млн теңге бөлінді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында шегірткенің қауіпті тұқымдарымен күресудің шаралар жоспары бекітілді. Бұл жәндікпен күрес жұмыстары - әлі күнге дейін өзекті мәселе. 

Аймақ бойынша аумақтық инспекция мамандарының мәліметінше, биылғы жылы шегірткенің үйірлі емес түрлерімен күреске 7,2 млн теңге қарастырылған. Жыл сайын жүргізілетін күрес шаралары зиянды жәндіктердің таралуын тежеп отырады. 

Химиялық улау жұмыстары облыстың барлық аудан-қаласындағы ауылшаруашылық жерлерінде жүргізіліледі деп күтілуде. Бас-аяғы 6,6 мың гектарлық жер өңделеді. Күрес шаралары негізінен итальяндық прус тұқымының популяциясын тоқтатуға бағытталған. Жәндіктер көптеп таралған жерлерді анықтау мақсатында мониторингтік топтар тиісті жұмыстарды атқарды. Сонымен қатар Ресеймен шекаралас аумақтар да тексерілді. Өткен жылмен салыстырғанда үстіміздегі жылы итальяндық прусқа қарсы өңделетін учаскелер 2,5 есеге азайды. Себебі жәндіктердің таралуы азайған, - дейді аумақтық инспекция басшысының орынбасары Арман Шуйкенов. 

Прустың дәрнесілдеріне қарсы химиялық шаралар 3 мың гектар жерде атқарылуда. Арнайы құралдың көмегімен тәулігіне 300 га жерді өңдеуге мүмкіндік бар. 

Қазір «Локустин к.с.» және «Вантекс м.к.с» препараттарының 268 литрі қолданылған. Облыс бойынша улау шараларына шашырату техникасының 342 бірлігі пайдаланылған. Шараларға 150-ге жуық жұмысшы тартылды.

Өзгелердің жаңалығы