Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында Армения Республикасы Премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевтың тегін қате айтты.
Никол Пашинян Қазақстан Президентінің әкесінің атын ұмытып қалды.
Рахмет, құрметті Қасым-Жомарт Тоқаевич. Құрметті мемлекет басшылары, отырысқа қатысушылар, сіздерді көргеніме қуаныштымын, - деп сөзін бастады ол.
Тоқаев әріптесінің сөзін бөлмей, жай ғана жымиып қойды. Ал Өзбекстан Президенті күлкісін жасырмады.
Еске сала кетейік, отырысқа Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Сонымен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасы Премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйлейді. Сондай-ақ Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес жанындағы бақылаушы-мемлекет басшыларының қатысуымен өтті.