Пашинян Қарабақ жөніндегі келісімге неліктен барғанын түсіндірді

10 Қараша 2020, 15:05
2575
Бөлісу:
Пашинян Қарабақ жөніндегі келісімге неліктен барғанын түсіндірді

Алматы, BAQ.KZ. Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақ бойынша басқа амалы қалмағандықтан Ресей және Әзербайжанмен келісімге келгенін мәлімдеді. 

Бүгін Армения Премьер-министрі Никол Пашинян видео үндеу жасап, онда мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндіруге тырысқан. Мұндай келісімге бару себебін толық атамаған ол соғыс кезінде қаза тапқандардың туыстары алдында кешірім сұрады.

Армия тоқтау керектігін айтты. Өйткені бізде сұрақ көп, ал оны шешу жолы анық емес, әрі ресурс та таусылған, - деді Армения премьері.

Сондай-ақ, ол елде жүйелі жұмылдыру бойынша проблема болғанын атап өтті.

Тәжірибе бейбіт азаматтар әскери әрекеттерге қатысуға дайын емес екенін көрсетті. Олар ұрыс қабілетін тез жоғалтты, бұл проблема тудырады, - деді Пашинян.

Өзгелердің жаңалығы