Парламентте әрбір туған балаға 4,2 миллион теңгеден беру жайлы ұсыныс айтылды

3 Наурыз 2021, 12:20
4750
Бөлісу:
Парламентте әрбір туған балаға 4,2 миллион теңгеден беру жайлы ұсыныс айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Смайылов Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ана капиталын енгізуді ұсынды.

ЮНИСЕФ-тің «Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайын талдау» зерттеуіне сәйкес, еліміздегі балалардың 15,6 пайызы табысы ең төмен отбасыларда тұрады. Бұл шамамен 1 млн бала. Яғни елдегі әрбір алтыншы бала кедейшілікте өмір сүреді. Басым бөлігі - көпбалалы отбасының мүшелері. Бұдан бөлек, 500 мың толық емес отбасы бар. Жалғызбасты аналар мен жалғызбасты әкелердің жағдайы да мәз емес, - дейді Ерлан Смайылов.

Ол «мемлекет бір нәрсені анық түсінуі керек, бүгінгі кедей балалар – ол ертеңгі кедей мемлекет» деп отыр.

Әлеуметтік төлемдер тұжырымдамасынан адам капиталына ақша салу жүйесіне көшу қажет. Оны кәдімгідей идеологияға айналдыру керек. Практикалық шаралардың ішінен елімізде әрбір баланы туғаны үшін Қазақстан азаматтарына 4,2 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік төлем түрінде ана капиталын енгізу орынды. Бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға және отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға, баланың білім алуына, анасының зейнетақы жинақтарына мақсатты пайдалануға болады, - дейді депутат.

Өзгелердің жаңалығы