Атырауда пара-дзюдодан Азия мен Тынық мұхиты елдерінің чемпионаты өтті

10 Қыркүйек 2019, 20:01
2794
Бөлісу:
Атырауда пара-дзюдодан Азия мен Тынық мұхиты елдерінің чемпионаты өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 қыркүйек күні Атырауда өткен турнирге 13 елден 91 спортшы қатысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық Паралимпиадалық Комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қатысушылардың арасында көптеген әлем жұлдыздары, Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары, әлем чемпиондары бар. Қазақстан құрамасы барлық салмақ дәрежесінде 12 дзюдошымен толық құрамда қатысқан болатын.

IMG_2106.JPG

Ерлер арасындағы 60 келі салмақтағы бірінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Паралимпиада ойындарының қазіргі чемпионы - Өзбекстандық Шерзод Намозов (В2) жеңімпаз атанды. Финалдық жекпе-жекте ол жерлесіміз Әнуар Сариевтен (B3) басым түсті. Тағы бір қазақстандық дзюдошы Олжас Оразалыұлы (В3), сондай-ақ жапондық Хирай Такааки (B3) да сол салмақта қола жүлдеге ие болды.

IMG_4201.JPG

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта Ираннан келген Реза Холами (B2) Тайпейлік Чанг-Шао-Хаоны (В2) тізе бүктіріп, чемпион атанды. Отандасымыз Азамат Турумбетов (B3) қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ қоланы жапондық Фужимото Сатоши (B3) да жеңіп алды. Бұл салмақта біздің спортшымыз Нокушев Азамат та күрескен болатын, алайда ол жалпы есепте 7-орынға табан тіреді.

WhatsApp Image 2019-09-09 at 00.40.30.jpeg

73 келіге дейінгі салмақта нағыз шайқас болып, нәтижесінде жерлесіміз Теміржан Дәулет (B3) жеңіске жетіп, ұлттық құрама қоржынындағы жалғыз алтын медальға қол жеткізді. Финалда ол аспан асты елінің өкілі - Ву Пукиді жеңген болатын (В3, күміс). Саидов Феруз (B3) (Өзбекстан) және Нагай Такамаса (B1) (Жапония) қола. Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Шамей Ерғали (B1) өкінішке орай, жартылай финалда өзбекстандық Саидовтан жеңіліп қалды.

IMG_4229.JPG

Екінші күні тағы 3 спортшымыз татамиге шығып, оның 2-і медаль жеңіп алды. 90 келі салмақта Аманжол Жанбота қола, ал әйелдер арасында 70 келіде Байбатина Зарина күміске ие болды. 81 келіге дейін Абылай Әділбеков өкінішке орай жеңіс тұғырынан бір саты қалды.

IMG_4375.JPG

Жеке жарыстар аяқталғаннан кейін командалық жарыс болып өтті. Алдымен Жапония құрамасын 3-2 есебімен, сосын Тайландтан 5-0 есебімен басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда біздің дзюдошылар Өзбекстан құрамасын жеңіп, тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Айта кетейік, қарсыластар қатарында Паралимпиада ойындарының 2 чемпионы болды. Қазақстандық команда үшін бұл шынымен де тарихи оқиға.

Өзгелердің жаңалығы