Пара дзюдодан ел чемпиондары анықталды

4 Ақпан 2020, 18:05
2704
Бөлісу:
Пара дзюдодан ел чемпиондары анықталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Чемпионаттың алғашқы күнінде 4 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар белгілі болды.

Бұл чемпионат Ұлттық Паралимпиадалық комитет қабырғасында алғаш рет турнир өтті. 

Бүгін – тарихи күн. Сеебі Ұлттық Паралимпиадалық комитет қабырғасында алғашқы турнир ашылды. Халықаралық аренаға шығуды көздейтін спортшылар үшін маңызды қадам, - деді Пара дзюдо федерациясының президенті Қанатқали Дүйсәлиев. 
Ұлттық Паралимпиада Комитетінің спорт жөніндегі директоры Олжас Акпамбетов қатысушыларға сәттілік тіледі.
ҚР чемпионатына қатысып жатқан спортшылардың арасында дүниежүзінде топ жарған спортшыларымыз бар. Келе жатқан XVI паралимпиада ойындарында, Токиоға қатысатын спортшылардың саны одан әрі көбейеді деп ойлаймыз. 2016 жылы Жазғы паралимпиадада екі ғана спортшымыз пара дзюдодан қатысқан. Токио Паралимпиадалық ойындарына одан аса көп спортшылар лицензиялық жүлде алып, алда топ жарып, спортшылар алдына қойған мақсаттарына жете берсін. Сонымен қатар, паралимпиада жаттықтыру орталығына, дзюдо федерациясынан келген төрешілерге, пара дзюдо федерациясының өкілдеріне, ұлттық паралимпиадалық комитеттің өкілдеріне алғыс айтқым келеді. Жақсы жарыс өткізіп, жеңістерге, мақсаттарға жете берейік, - деді Олжас Акпамбетов. 
Қазақстан чемпионатында жүлделі орын алған спортшылар тізімі:

-57 кг (әйелдер)
1-орын Федосова Даяна (Қызылорда)
2-орын Даирханова Меруерт (Павлодар)

-60 кг (ерлер)
1-орын - Жамауов Азамат (Нур-Султан)
2-орын - Жұмәділ Ғалымжан (Жамбыл облысы)
3-орын - Жұмәділ Бақытжан (Жамбыл облысы)
3-орын - Адамбеков Әділет (Жамбыл облысы)

-66 кг (ерлер)
1-орын - Нокушев Азамат (Алматы)
2-орын - Арстанбеков Бауржан (Нур-Султан)
3-орын - Нурдаулетов Азамат (Алматинская область)
3-орын - Асаубаев Жанат (ШҚО)

-73 кг (ерлер)
1-орын Муханбетов Бекзат (ШҚО)
2-орын Маусымов Жигер (БҚО)
3-орын Шамей Ерғали (Нұр-Сұлтан)
3-орын Гулдибаев Қайролы (Нұр-Сұлтан)

Өзгелердің жаңалығы