Пара дзюдоға қызығатын қыздар жағы ақсап келді – жаттықтырушы

4 Ақпан 2020, 12:03
3336
Бөлісу:
Пара дзюдоға қызығатын қыздар жағы ақсап келді – жаттықтырушы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан пара дзюдодан ел чемпионатына бар-жоғы 5 қыз қатысып жатыр.  ҚР пара дзюдодан бас жаттықтырушы Жандос Қиянов мұның өзі үлкен көрсеткіш деп отыр. Себебі бұған дейін елімізде пара дзюдомен айналысатын қыздар болмаған. 

Осы уақытқа дейін пара дзюдоға қызығатын қыздар жағы ақсап келді. Өткен жылы Атырау қаласында Азия чемпионаты өтті. Сол жерде бізде бірінші қазақ қызы күресті. Байбатина Зарина деген қызымыз квалификациядан өтті. Сол жарыста екінші орын алды. Ол оның бірінші жарысы болатын. Сондықтан Заринадан үмітіміз зор. Кейін қыздар саны көбейеді деп ойлаймыз. Бүгінгі жарысқа 5 қыз қатысып жатыр. Үлкен салмақта және 57 кг салмақта жарысып жатыр, - деді пара дзюдодан ҚР бас жаттықтырушысы Жандос Қиянов ел чемпионаты өтіп жатқан ҰПК жаттығу орталығында.
пир0.jpeg

Бас жаттықтырушының айтуынша, жастарды пара дзюдоға, жалпы спортқа тарту үшін жеңімпаздардың тарихы себеп болады екен. Себебі алғаш рет атыраулық Әнуар Сәриев 2016 жылы әлем чемпионатына барғаннан кейін, Атырауда қызығушылардың саны артқан.
Пара дзюдомен айналысып жүрген спортшылардың арасынан әлемдік жарыстарда жетістікке жетіп жүргендері көп. Мысалға, 2018 жылы Португалияның Лиссабон қаласында өткен жарыста Оразалы Олжас есімді палуан әлем чемпионы болды. Өзі жас, 2000 жылы туған. Бірінші рет әлем чемпионатына қатысып, бірден әлем чемпионы болды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының атынан 60 кг салмақ дәрежесінде күресіп Жамалов есімді спортшымыз бар. Ол да 2000 жылы туған. 2016 жылы Әнуар Сәриев әлем чемпионатына барғаннан кейін Атырауда қызығушылар бірден көбейді. Әнуар өзі атыраулық болғандықтан, жастарға жақсы әсер етті.  Қазір өңірлер бойынша Атырау, Қызылорда облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында спортшылардың пара дзюдоға қызығушылығы жоғары. Бүгін 17 өңірден 11 команда қатысып жатыр. Бұл - жақсы көрсеткіш. Осындай қысқа мерзімде аймақтарда пара дзюдо күресі ашылып, жақсы дамып келе жатыр деп айтуға болады, - деді Жандос Қиянов.
пир1.jpeg

Осы жылдан бастап пара дзюдошыларды Ұлттық Паралимпиадалық комитет қаржыландырады. 
Спортшыларды жергілікті спорт басқармасы қаржыландырады. Сондай-ақ 2020 жылға дейін бізді Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт комитеті жанындағы Спортты дамыту дирекциясы қаржыландырып келген болатын. Биылдан бастап Ұлттық Паралимпиадалық комитеттің қаржыландырылуына көштік. Биылғы жарыстардың барлығына алдыңғы шептегі спортшылардың қаржысын ҰПК төлейді, - деді бас жаттықтырушы.
пир2.jpeg

Қазір елодада пара дзюдодан ел чемпионаты өтіп жатыр.

пир3.jpeg


Өзгелердің жаңалығы