Бас жаңалықтар
Палестина-Израиль қақтығысы: Қазақстан ресми мәлімдеме жасады
12 Мамыр 2021, 09:21 306

Палестина-Израиль қақтығысы: Қазақстан ресми мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеме жасап, Палестина-Израиль қақтығысында барлық тарап ұстамдылық танытып, жағдайдың одан әрі нашарлауына әкелетін қадамдардан бас тартуы қажет екенін айтты.

Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреміз. Қалыптасқан жағдайда барлық тарап ұстамдылық танытып, жағдайдың одан әрі нашарлауына әкелетін қадамдардан бас тартуы қажет. Әл-Ақса мешітінің кешені төңірегінде арандатушылық әрекеттерден аулақ болуға және статус-квоны құрметтеуге шақырамыз. Саяси, діни және қоғамдық көшбасшылары қасиетті Рамазан айында шиеленісті азайту үшін бар күшін салады деп үміттенеміз. Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының тек «Екі мемлекет» формуласы және Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарлары негізінде бейбіт жолмен әділ шешілуін қолдайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше түннен бері палестиналық анклавпен шекараласқан қалаларда және Ашкелонда әуе дабылының сиренасы дамылсыз жұмыс істеп тұр. Дүйсенбі сағат 13.00-ден бастап палестиналық тарап ең үлкен қалалардың бірі Ашкодқа жаппай оқ жаудыруда.

Палестиналықтар Израиль шабуылды тоқтатпайынша, тойтарыс бере бермек.

Израильді жаппай атқылау сейсенбі күні сағат 18.00-де басталды. Израиль әскері «Стражи Стены» деп аталатын палестиналық исламисттерге қарсы жүргізіліп жатқан әскери операция кезінде өз бөлімшелерінің санып арттырып, күшейту үшін 5 мың резервистті жұмылдырды. 

7 мамырдан бері иерусалимдік Шейх кварталында израильдік соттың шешімімен жылжымайтын мүлікке құқығы жоқ араб отбасылары үйлерінен шығарылатын болған. Осыған байланысты ауданда қақтығыстар мен наразылық шерулері басталып кетті. Қызыл Жарты айдың Facebook-тегі парақшасында қақтығыс барысында 714 адамның жараланғаны және 333 адамның ауруханаға жеткізілгендігі хабарланды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...