Бас жаңалықтар
Пәкістандағы ұшақ апатынан тірі қалған ешкім жоқ
22 Мамыр 2020, 22:26 292

Пәкістандағы ұшақ апатынан тірі қалған ешкім жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістандық А320 лайнерінің апатқа ұшырауы кезінде бортта болған барлық 107 адам қаза тапты. Бұл туралы Associated Press агенттігі Карачи мэрі Васим Ахтарға сілтеме жасап хабарлады.

Dawn газеті, өз кезегінде, бірнеше адам аман қалды деп жазады. Осылайша, басылым апатқа ұшыраған жолаушылардың бірінің отбасына сілтеме жасаған. 

Ал Васим Ахтар, сондай-ақ, бес немесе алты үй қирағанын, ал жергілікті тұрғындар арасында қаза болғандар туралы деректер жоқ екенін нақтылады.

Ұшақ Лахордан Карачиге бағыт алған. Flightradar24 сервисінің мәліметтері бойынша, әуе кемесі жоғарыға көтерілгеннен кейін бір жарым сағаттан соң қонуға бет ала бастайды. Алайда 84 метр биіктікке жеткен ұшақтың бұл әрекетінен түк шықпады . Сағат 12: 40-та әуе кемесі радардан жоғалып кетеді.

Осылайша, ұшақ әуежайдың жанындағы тұрғын үй орамына құлаған. Әуе компаниясының бас директоры Аршад Маликтің айтуынша, қайғылы оқиғаның себебі техникалық қателіктен болуы мүмкін.
Airbus компаниясы апат тергеуіне көмектесіп жатқанын айтты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...