Жалпы жаңалықтар
-
-
«Қаражал-Атасу» тас жолында тасқын су жолдың ернеуінен асып кетті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кеше республикалық маңызы бар «Қаражал-Атасу» авто жолында еріген қар суы жолдың ернеуінен асып кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
28.03.2019
-
28 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
28.03.2019
-
Назарбаев Германия канцлерімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
28.03.2019
-
Қазақстан Оңтүстік Америкамен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 20-24 наурыз аралығында ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатымен және 2018-2027 жылдары ҚР етті мал шаруашлығын дамытудың салалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Ауыл шаруашылығының вице –министрі Г.С.Исаева басшылығымен қазақстандық делегация Аргентина, Бразилия және Уругвайға барып, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен, ветеринариялық қызметтерімен және оңтүстікамерика елдерінің басқа уәкілетті органдарымен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
27.03.2019
-
Елордалық дәрігерлер көпбалалы аналар үшін ашық есік күнін өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Көпбалалы аналар кезектен тыс» акциясын алдағы сенбіде «Салауатты Астана» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының мамандары өткізеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
27.03.2019
-
Тоқаев тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жазды.
27.03.2019
-
Павлодарлық полицейлер борышкерлерден 6 млн теңгеден астам айыппұл өндіріп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
27.03.2019
-
Қызылорда облысында әскери тікұшақ апатқа ұшырады
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында әскери тікұшақ құлады.
27.03.2019
-
Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасыларға қайтарымсыз гранттар беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайтарымсыз гранттың мөлшері 500 мың теңгеге дейін болады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
27.03.2019
-
Қалалықтар онкологтардың білікті кеңесін ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурызда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Онкология орталығының емханасында колоректальды обыр (тоқ ішек) бойынша онкологтар тұрғындарды қабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
27.03.2019
-
Шымкентте тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласында екінші мамандандырылған ХҚО-ның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-тың баспасөз қызметі.
27.03.2019
-
Қарағанды облысында Халықаралық театр күні аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында халықаралық театр күні тойланды. Жыл сайын дәстүр бойынша, осы күні өңір театрларының әрқайсысы кезекпен қонақтарды қабылдайды. Биыл облыс бойынша актерлер, сценаристер мен режиссерлер Станиславский атындағы орыс драма театрында жиналды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
27.03.2019
-
Асқар Мамин «Росатом» бас директорымен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
27.03.2019
-
Мамин бизнес өкілдерін әлеуметтік жобаларды іске асыруға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың табыстары төмен көп балалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлайды.
27.03.2019
-
Әскери қызметшілер қылмыстың алдын алуға көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің қырағылығы полиция қызметкерлеріне қаскүнемдерді ұрлық жасау кезінде ұстауға септігін тигізді. Бұл туралы Жамбыл облысыныі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
27.03.2019
-
Қатты жауын-шашынға орай дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
27.03.2019
-
Қытай археологтары 2,5 мың жыл болған жұмыртқа тауып алды
Алматы, BAQ.KZ. Лиян қаласы маңындағы зиратта қазба жұмыстарын жүргізген Нанкин тарихи музей жанындағы археология институтының мамандары жасы шамамен 2500 жыл болатын жұмыртқа салынған сауыт тапқан.
27.03.2019
-
Елордада Халықаралық театр күні аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үздік актерлер қала әкімі Бақыт Сұлтановтың алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
27.03.2019
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, екі ел халықтарының игілігі жолындағы байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
27.03.2019
-
ШҚО-да жүрегінде туабітті ақау анықталған нәрестеге көмек көрсетілді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше күн бұрын Алтай ауданында жүрек ақауымен дүниеге келген сәби санитарлық авиациямен Өскемен қаласындағы «Ана мен бала» орталығына жеткізілді. Бұл жөнінде ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының неонатолог маманы Бақыт Таймасова хабарлады.
27.03.2019
Наверх