Жалпы жаңалықтар
-
-
Көлікті және логистиканы цифрландырудан 8 млрд теңге пайда түсті
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгінгі Үкімет отырысында 2018 жылы көлікті және логистиканы цифрландыру аясында атқарылған жұмыстар туралы айтты.
19.02.2019
-
2018 жылы «Цифрлық Қазақстанға» бағытталған қаржы 99,8% игерілді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында 2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
19.02.2019
-
Бас прокуратура бірнеше қылмыстық топты анықтады
Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасаған бірнеше қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
19.02.2019
-
Жармалық кәсіпкер ауылдастарына сыйлық жасамақ
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы кәсіпкер биыл ауылдастарына арнап сыйлық жасамақ. Бұған дейін де ауыл тұрғындарына әлеуметтік қолдауын аямаған кәсіпкер игілікті ісін одан әрі жалғастырмақ ниетте. «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының ХХІІ конференциясында сөз алған «Шалабай» ЖШС басшысы Қуаныш Сүлейменов биылғы жоспарларымен бөлісті.
19.02.2019
-
Американың 16 штаты Трампқа қарсы шықты
Астана, BAQ.KZ. Америкалық 16 штат АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы шағымданды. Бұл туралы The New York Times жазды.
19.02.2019
-
Маңғыстаулықтардың 56% тұщытылған теңіз суын ішеді
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғындардың қалған бөлігі Астрахань-Маңғышлақ су құбырын және жерасты су көздерін пайдаланып отыр.
19.02.2019
-
Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада ашылған Хирургия және флебология орталығында варикозды ауруды заманауи әдіспен диагностика жасайды және емдейді. Әйелдер арасында бұл дерт түрі ер адамдарға қарағанда үш есе жоғары болады.
19.02.2019
-
Ақтөбеде ақырғы балалар үйі жабылды
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында жетім балаларға қатысты мәселелер тиімді шешілуде. Аймақта ағымдағы жылдың қаңтар айында осыдан 10 жыл бұрын 585 бала тұрған жалғыз балалар үйі жабылды.
19.02.2019
-
Астанада Қазақстан мен Өзбекстан СІМ арасындағы консультациялар өтеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 25-26 ақпанда Астанада Сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтеді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
19.02.2019
-
Бүгін бірнеше облыста жел күшейіп, көктайғақ болады
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің барлық аумағында атмосфералық афронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Осыған байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінің кей жерінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
19.02.2019
-
ЕуроОдақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Астанаға келеді
Aстана, BAQ.KZ тілшісі. Aстана, BAQ.KZ тілшісі. 21-22 ақпанда Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Петер Буриан Астанаға сапармен келеді.
19.02.2019
-
ШҚО қасқыр саны бойынша 4 орында
Астана, BAQ.KZ. Жалпы Қазақстанда 13214 қасқыр бар. Шығыс Қазақстан түз тағысының саны бойынша алғашқы үштікті өкшелеп тұр. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
18.02.2019
-
Түркістанда көпбалалы аналарды қолдауға арналған жобалар жанданады
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті. Күн тәртібінде көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек беру мәселесі қаралды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
18.02.2019
-
Қарағандылықтар «Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындардың жүлдегері атанды
Астана, BAQ.KZ. Қарағандылықтар «Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындардың жүлдегері атанды. Біздің спортшылар шорт-тректе «алтын» және биатлонда «күміс» жүлде ұтып алды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
18.02.2019
-
Алматыда тағы 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады
Астана, BAQ.KZ. Ыңғайлы әрі қауіпсіз қала ортасын құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті объектілерінің архитектуралық жарықтандыруын орнату жалғасуда. Биылғы жылы қаланың тағы 120 көшесінде жаңа LED-шамдар пайда болады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
18.02.2019
-
Пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Талдықорған қаласында қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде қаладағы шағын аудандардың біріндегі жалдамалы пәтерден бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды.
18.02.2019
-
Жүрегіне ота жасайтын балалардың 40% ауылдан келеді - маман
Астана, BAQ.KZ. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жылына 7,5 мың емделушіге қызмет көрсетіледі, олардың 30% - балалар.
18.02.2019
-
Қазақстандық 15 дәрігер Түркияға тәжірибе алмасуға бармақ
Aстана, BAQ.KZ. Қазақстандық 15 дәрігер Түркияға ауруханалары мен емханаларына бір аптаға тәжірибе алмасуға бармақ.
18.02.2019
-
Қарағанды бір мезетте бірнеше көлік соқтығысып қалды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ақпан айының 17-18 күндері ауа-райының қолайсыздығы салдарынан аймақта бірнеше жол апаты орын алды, жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қаза тауып, бірнеше адам дене жарақатымен ауруxанаға жеткізілген.
18.02.2019
-
Ауғанстанның солтүстігінде 17 содырдың көзі жойылды
Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстан үкімет күштері Қайсар ауданында жасырынып жатқан «Талибан» қозғалысына соққы жасады, нәтижесінде 17 содырының көзі жойылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
18.02.2019
Наверх