Жалпы жаңалықтар
-
-
Алматының кіреберісіне бекеттер қойылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 27 шілдеден бастап қала аумағына құрбандыққа шалынатын жануарларды алып келуді болдырмау мақсатында бекеттер қойылады. Мұндай тапсырма Алматы қаласы бас санитарының жаңа қаулысына сәйкес іске аспақ.
27.07.2020
-
Әбдіқалықова: Сақтық шаралары тұрақты түрде сақталуы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а. А.Әбдікаимова мен Қызылорда облыстық Полиция департаменті басшысының м.а. Ш.Амитовті қабылдады.
27.07.2020
-
QURBAN2020.KZ сайты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты.
27.07.2020
-
Алматыда құрбандық шалу онлайн режимде ұйымдастырылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай онлайн брифинг барысында биыл қалада құрбандық шалу рәсімі өткізілмейтінін, алайда, Qurban2020.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беруге болатынын айтты.
27.07.2020
-
Вице-министр: 35 мың тонна азық-түлік тауарын жинап қойдық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тұрақтандыру қорларына 35 мың тонна азық-түлік тауарын жинастырды. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы айтты.
27.07.2020
-
Құрбан айт: Алматы аумағында мал сатуға және союға тыйым салынды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.
27.07.2020
-
Павлодар әкімі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңадан тағайындалған қала әкімі бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Машина жасау басқармасын басқарған.
27.07.2020
-
Қазақстанда азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы жыл басынан бері 5,7%-ға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы айтты.
27.07.2020
-
Мұндай тұрпатсыздық соғыс жылдарында да болмаған – журналист
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Журналист Бигелді Ғабдуллин кітап дүкенінде қазақ тіліндегі балалар әдебиетіне қатысты сын айтты.
27.07.2020
-
Алдағы жылыту маусымына 1 700 тонна көмір қажет
Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық аясында тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етілу мониторингі жүргізілуде. Нүктелерде жеткілікті отын қоры бар, бірақ тұтыну белсенділігі әзірге жоғары емес.
27.07.2020
-
Экологиялық білім тұжырымдамасын қайта қарау керек – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.
27.07.2020
-
Елімізде төленбеген салықтардың өсімпұлдары есептелмейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды.
27.07.2020
-
Көкшетауда аутизмнен емдейтін онлайн орталық ашылды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда онлайн режимде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған даму орталығы ашылды.
27.07.2020
-
Әлеуметтік желідегі жазбаларға мемлекет жауап беруге міндетті емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысына қатысқан блогер Яков Федоров айтты.
27.07.2020
-
42 500 теңге. 1,7 млн-нан астам қазақстандық алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-ға жуық өтініш қабылданды.
27.07.2020
-
Қар жауған күндері 2-ақ сағат ұйықтайтын әкім орынбасары қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев басқа жұмысына ауысуына байланысты қызметінен кетті.
27.07.2020
-
Қазақстанда экология жылын жариялау ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысында қоғам қайраткері Арман Хайруллин 2021 жылды Экология жылы етіп жариялауға ұсыныс тастады.
27.07.2020
-
Шымкентте 6 мың орындық 9 мектеп пайдалануға беріледі
Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
27.07.2020
-
Үздік стартаптар іріктеледі
Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. 15 тамызға дейін Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі акселератор бағдарламасына өткісі келетін стартаптардан өтінімдер қабылдайды. Бағдарлама үш айға жалғасады, оның барысында командалар өз жобаларын дамытып, тәлімгерлермен және трекерлермен жұмыс істейтін болады.
27.07.2020
-
Балаева экологиялық сауаттылық мәселесін көтерді
Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысында экологиялық сауаттылық мәселесін қаузады.
27.07.2020
Наверх