Бас жаңалықтар
Өзбекстан президенті ЕАЭО-ға жаңа бағдарлама ұсынды
14 Қазан 2021, 19:14 674

Өзбекстан президенті ЕАЭО-ға жаңа бағдарлама ұсынды

Нұр-Сұлтан BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді. 

Оның сөзінше, азық-түлік қауіпсіздігі одақтағы басқа әріптестері секілді оны да алаңдатады.  

Пандемия кезінде біздің елдеріміздің жаңа бәсекелестік артықшылықтарына негізделген осы саладағы жаңа өзара іс-қимыл нүктелерінің болуы маңызды. Біз жердегі су мен қаржылық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық жетістіктерді неғұрлым тиімді пайдалану бойынша күш-жігерді шоғырландыру туралы айтып отырмыз, - дейді Шавкат Мирзиёев.
Сонымен қатар Өзбекстан президенті ЕАЭО кеңістіктігінде азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша бірлескен ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

Жеделдетілген цифрлық трансформация, оның ішінде электронды коммерциянға көшу қазіргі заманғы дамудың негізгі драйверіне айналуда және біздің елдердегі цифрландырудың тереңдігі әр түрлі кезеңдерде тұр. Осыған байланысты практикалық тәжірибе алмасу мен озық технологияларды өзара алмасу ерекше өзектілікке ие, - деді Өзбекстан президенті.
Осыған дейін ол әлемдегі күрделі экономикалық жағдай қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді жауап беру үшін жаңа дәстүрлі емес тәсілдерді қолдануды талап ететінін атап өтті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...