Отставкаға кетпеймін. Министр қызметінен кетуді талап еткендерге жауап берді

26 Наурыз 2021, 13:07
2193
Бөлісу:
Отставкаға кетпеймін. Министр қызметінен кетуді талап еткендерге жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Марат Бекетаев отставкаға кетпейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін бір топ адвокат, заңгерлер мен нотариустер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әділет министрі Марат Бекетаевтың өкілеттігін тоқтатуды талап етіп, петиция жазған болатын.

Ол петицияның мәтінімен таныстым. «Әкімшілік рәсімдер туралы» заң жобасында петиция, бұл - назар аударту. Отставкаға кету ойымда жоқ, - деді Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, адвокаттар Заң кеңесшілері қауымдастығымен және нотариустермен бірлесіп, қолданыстағы «адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған заң жобасының жекелеген ережелерімен келіспейтіндерін айтқан болатын. Соған байланысты 13 наурызда рұқсат етілген митинг өткізбек болған. Бірақ митинг карантиндік шектеулерге байланысты өтпей қалды. Дегенмен олар қарап отырмай, Мемлекет басшысының атына министрді қызметінен алу жайлы петиция жазды.

Өзгелердің жаңалығы