Өткен айда 1,5 мың азаматтың ипотекасы қайта қаржыландырылды

12 Наурыз 2021, 12:30
1517
Бөлісу:
Өткен айда 1,5 мың азаматтың ипотекасы қайта қаржыландырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен айда халықтың әлеуметтік осал тобына жатқызылған және жалғыз баспанасы банктің балансында тұрған бір жарым мыңға жуық азаматтарға ипотекалық қарызын өтеуге қосымша көмек көрсетілді, деп хабарлады Қаржы нарығын зерттеу агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, 1 ақпандағы жағдай бойынша 1494 азаматтың қайта қаржыландыру сомасы 13 млрд теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың басынан бері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасының үшінші блогын іске асыруда.

Бағдарламаның үшінші бөлігінің барлық шығыстарын өтеу үшін Ұлттық банк 44,6 млрд теңге бөлді. Ипотекалық қарыз алушыларға көмек 2021 жылғы 1 шілдеге дейін көрсетіледі. Шамамен 8 мың азаматқа қолдау көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келетін және қарыздарын өтеуде қиындық туындап жатқан қарыз алушылар борыш жүктемесін азайту үшін кредитор банктеріне жүгінуге құқылы, - делінген хабарламада.

 Егер қарыз алушыда жалғыз баспана болып, ол банктің балансына берілген болса, мұндай жағдайда қаржы институттарына клиентке жылдық 3%-дық сыйақы мөлшерлемесін тағайындау не оған кейіннен сатып алатындай етіп жалға баспана беру құқығы беріледі.

Өзгелердің жаңалығы