Бас жаңалықтар
Отандық пара дзюдошы Әлем кубогіндегі сында алғашқы алтынын еншіледі
23 Ақпан 2020, 16:29 239

Отандық пара дзюдошы Әлем кубогіндегі сында алғашқы алтынын еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Теміржан Дәулет (73 кг дейін) Грузияда өтіп жатқан пара дзюдодан Әлем Кубогінде алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Спортшы жартылай финалда әлемдік рейтингте бірінші түрған неміс палуаны Николай Корнхасты ұтты. Ақтық белдесуде испандық палуан Гавилан Лорензомен күресіп, жеңімпаз атанды.

Теміржан Дәулет – пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылғы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы Бүкіләлемдік IBSA ойындарының күміс жүлдегері, 2019 жылғы Азия Чемпионатының жеңімпазы.

Пара дзюдодан Әлем Кубогы Тбилиси қаласында өтіп жатыр. Оған 13 елден, әр салмақта ондыққа кіретін мықты спортшылар қатысуда. Ұлттық паралимпиаданың құрамасының палуандары алда 81 кг, 90 кг, 100 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі.














 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Паралимпиада Комитетінің

маркетинг және байланыс бойынша департаменті


Фото: дереккөз
Загрузка...