Отандық вакцинаны салдыруды қалаймын – Бекшин

27 Қаңтар 2021, 17:19
1638
Бөлісу:
Отандық вакцинаны салдыруды қалаймын – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде жасалып жатқан вакцинаның сапасына қатысты ойын айтты.

Коронавируспен ауырғаныңызға алты ай толса вакцина алған жөн. Егер ағзамда антидене азайған болса ресейлік вакцина салдырудан бас тартпаймын. Дегенмен отандық алғашқы qazcovid-in вакцинасын салдыруды қалар едім. Қазақстан бұған дейін обаға қарсы екпеден басқа вакцина өндірмеген, сондықтан бұл алғашқы отандық вакцина. Бұған дейін құс тұмауы және 2013 жылы H1 пандемиясына қатысты сол институтпен жұмыс істегенмін. Сондықтан отандық вакцина қандай болып шығатыны қызықты. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы вакцинасы. Оның тиімділігіне ешқандай күмән келтірмеймін. Өйткені бұл тәжірибесі мол, жарты ғасырлық тарихы бар ғылыми орталық,-дейді ол. 

Оның айтуынша ресейлік вакцинаны қала сатып алып отырған жоқ, ол министрлік тарапынан жеткізілмек.

Сонымен қатар ол вакцина салдырудың тиімділігіне тоқталып өтті. 

Енді біраз күнде ақпан айы келеді, ал Алматыда әлі бірде бір тұмау жағдайы тіркелмеді. Міне, бұл вакцина салудың тиімділігін көрсетеді. Күзде біз тұмауға қарсы екпе салуды үш есе көбейтудің нәтижесін көріп отырмыз. Жылды қаңтардың ортасында Алматыда тұмаумен ауырғандар көптеп тіркелетін. Сондай-ақ мининакок инфекциясының бір жағдайы ғана тіркелді. Осыдан үш жыл бұрын қандай жағдай болды? Қандай паника болғанын білесіздер. Оған қоса туберкулез, қызылша аурулары да төмендеді. Бұның бәрі маска тағу мен эпидемиялогиялық ауруға қарсы жасалған шараның арқасы,-дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы