Бас жаңалықтар
Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасына мүгедектігі бар 11,6 мың адам қатысты
27 Шілде 2021, 10:26 925

Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасына мүгедектігі бар 11,6 мың адам қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11,6 мың мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамтуды қолдау шаралары көрсетілді.

Осы орайда 9,4 мың МБА жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 3,3 мыңы тұрақты жұмыс орындарына, ал 6,1 мыңы уақытша жұмыс орындарына (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және қоғамдық жұмыстар) тұрғызылды.
Жоғарыда аталған кезеңде қысқамерзімді кәсіптік оқытумен 362 адам қамтылды.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1185 МБА оқытылды, оның ішінде 127-сі өз жобаларын қорғап шықса, 45-і грант, 2-і шағын несие алды.

Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 158 адам шағын несие алса, тағы 524 мүгедектігі бар адамға қайтарымсыз грант бөлінді.

Бұдан басқа, МБА арналған жұмыс орындары квотасы шеңберінде 4,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. Тиісті квоталарды жергілікті атқарушы органдар «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес, ауыр, еңбек жағдайы зиянды және қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4%-ға дейінгі (кемінде 50 адам) мөлшерінде белгілейді, - деп хабарлады  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе негізінде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға жұмыс берушілердің шығынын субсидиялау енгізілді. 

2021 жылы көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 251,8 млн теңге сомасына 113 арнайы жұмыс орнын құру жоспарланған. Осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 19,3 млн теңге игеріліп, 9 арнайы жұмыс орны құрылды.     




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...