Астана маңындағы қанды қылмыс: Оқиғаға қатысты жаңа деректер белгілі болды

Күдікті реактивті психоз күйінде, тергеу аяқталуға жақын.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 11:44
Бүгiн 2026, 11:44
170
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астананың іргесіндегі Жібек жолы ауылында болған резонансты қылмысты тергеу барысы туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Журналистер Астана маңындағы Жібек жолы ауылында бір отбасыны қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған күдіктінің есі дұрыс емес деп танылған-танылмағанын сұрады.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі аясында тергеуді аяқтап жатырмыз. Күдікті стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр. Ол реактивті психоз күйінде, – деді Санжар Әділов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс болып, ер адам өз отбасының төрт мүшесін қатыгездікпен өлтірген болатын. 

Наверх