Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар сотталды

1 Қазан 2020, 10:15
1632
Бөлісу:
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан жеті адам сотталды. 

Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен ұрлық жасағандары және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандары үшін әскери қызметші У. Атанбаев, сондай-ақ, А. Тілеуғалиев, А. Нұраханов, Е. Буралкинов, Р. Бежібай, М. Дүйсенбаев және Б. Ибрагимов 3-тен 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айыруға сотталды, - делінген хабарламада. 

Бұрын тергеу барысында У. Атанбаевқа және оның сыбайластарына қатысты материалдар істің әскери соттың соттылығына жатқызылуына байланысты жеке іс жүргізуге бөлектеніп алынған болатын. 

Сонымен қатар 21 шілдеде арнайы прокурорлар 51 адамға қатысты тергеуді аяқтады.   

Оларға ақпан айында Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында болған оқиғалар барысында күш қолдану, кісі өлтіру, мүлікті өртеу және қирату, жаппай тәртіпсіздіктерге арандату және билік өкілдерінің талаптарына бағынбау бойынша айып тағылды.   

Қазіргі уақытта айыпталушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуда, содан кейін іс сотқа жолданатын болады.   

Сондай-ақ биыл наурыз бен тамыз айлары аралығында полицейлерге зорлық-зомбылық көрсеткен ағайынды Воингуйдің (18 наурызда 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды), Құдашбаевтарға қатысты адамдар тобында денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргендері және бұзақылық жасағандары үшін әкелі-балалы Юнхудың (24 сәуірде әрқайсысы сәйкесінше 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды және шектелді), 54 дана «Молотов» коктейлін дайындағаны және тасымалдағаны үшін Р. Вейсердің (12 тамызда 3 жылға бас бостандығынан айырылды) сотталғандарын еске саламыз.


Өзгелердің жаңалығы