Оралда белгісіз ер адам нотариусты кепілдікке алған

28 Қараша 2019, 16:15
8035
Бөлісу:
Оралда белгісіз ер адам нотариусты кепілдікке алған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда белгісіз ер адам нотариусты кепілдікке алды, қазір полиция онымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы uralskweek.kz сайты хабарлады.

Полиция нотариус Иранда Ислямгалиеваның офисін қоршауға алды. Соынмен қатар, құқық қорғау қызметкерлері бірінші қабатта орналасқан пәтердегі барлық адамды сыртқа шығарды. Полиция нотариуспен бірге офисте қамалып алған ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. 

Ер адамның талабы әлі белгісіз, бірақ ол ғимараттан шығудан бас тартып тыр. Иранда Ислямгалиеваның таныстары оны кепілдікке алған адам оның бұрынғы күйеуі болуы мүмкін деп отыр. Иранда күйеуінен қорлық көргеннен кейін, некесін бұзуға өтініш берген екен. Иранда осы ретте бірнеше рет полицияға арыз да жазған екен. Бірақ полиция күйеуіне қатысты ешқандай шара қолданбаған. Бұл туралы Иранданың таныстары айтып берген.




Өзгелердің жаңалығы