ҰҚК Қытайдың екі азаматын ұстады

28 Қараша 2019, 16:10
5454
Бөлісу:
ҰҚК Қытайдың екі азаматын ұстады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қарашада ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ҚХР-ның екі азаматын уәкілетті қызметкерге 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстап, тергеу изоляторына қамады.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Пара Атырау қаласында еңбек әрекетін заңсыз жүзеге асырған шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң қарау үшін арналған. Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде айсайынғы ақшалай сыйақы ұсынған, - делінген хабарламада.

2_0.jpg

Ұсталғандар мойындау түсініктерін берді.

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы