Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Сенаттың жалпы отырысында мұнай нарығындағы жағдайға байланысты пікір білдірді.
Әлемдік тауар нарықтары, әсіресе мұнай нарығы жоғары құбылмалы жағдайға ұшырап отыр. Еуропаның бірқатар ірі елдерінде жаңа локдаундар енгізу мұнайға сұраныстың қалпына келу қарқынына ықпал етеді. Соның нәтижесінде мұнай өндіру қайтадан сұраныстан асып кетуі мүмкін.
Мұнай бағасының серпіні көп жағдайда биылғы жылғы 30 қараша - 1 желтоқсанда өтетін ОПЕК+-тің министрлік кездесуінің қорытындысына байланысты болады. Онда 2021 жылы мұнай өндіру квоталары туралы шешім қабылданады,- деді Ерболат Досаев.
Ол сонымен қатар әлемдік экономиканың қалпына келуі сауда шектеулерін алуға және жеткізу тізбегін қалпына келтіруге байланысты болады деп отыр.
Азия-Тынық мұхит өңірінде Қытай мен үлесіне әлемдік экономиканың 29%-і тиесілі 14 елдің арасында әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағын құру оң белгі болды. Жаңа келісім 2020 жылы Қытай ғана экономикалық өсуді көздеп отырғанын ескере отырып, әлемдік экономиканың қалпына келу қарқынына оң әсер етуі мүмкін,- дейді Ұлттық банк төрағасы.