Оңтүстік өңірлерде алма ағашын егу ұсынылды

2 Наурыз 2021, 10:00
4702
Бөлісу:
Оңтүстік өңірлерде алма ағашын егу ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров АӨК-ті дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Бүгінгі таңда алманы жалпы тұтыну көлемі 344,3 мың тоннаны, импорт 144 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықты 6,6 мың га алаңда жаңа қарқынды бақтар салу есебінен молықтыру болжанып отыр. Жаңа бақтар отырғызуды негізгі бақ өсіретін өңірлер: Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары және Шымкент қаласында шоғырландыру ұсынылады, - деді ол.

Министр атағандай, жыл сайынғы бақ отырғызу көлемі орта есеппен 2 мың га болады.

Бұл толық жеміс беруге біртіндеп шыға отырып, алмаға деген тапшылықты жойып, 2024 жылы өз-өзімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Омаров.

Сонымен қатар министр қазіргі уақытта елімізде өндірілетін қант тапшылығы 240 мың тоннаны немесе қажеттіліктің жартысынан көбін құрайтынын айтты. Ішкі нарықты молықтыру Алматы облысындағы қант зауытын жаңғырту, сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 150 мың тонна қант шығаратын жаңа зауыт салу есебінен болжанып отыр.

Өзгелердің жаңалығы